Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

Білімді ел

Bilim land

block2_eop.png?_=1495531126
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

#Біртұтас_тәрбие #Ұлттық_кітап_күні_23_сәуір #Кітапханашы_ШакироваЖЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастамасын қолдап, оқуға деген құштарлық – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өткен. Тұтас әлемде жаһандану дәуірі жалғасып, заманауи технологиялардың үстемдік құруымен байланысты кітап оқу үрдісінің тұралап қалғандығынан бұл мереке көптеген елдерде ресми түрде бекітіліп, айтулы күн ретінде аталып жүр. Президент кітаптардың ұлттың зияткерлік және мәдени прогресінің негізі екенін тілге тиек етті. Жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру - Қазақстан Үкіметі үшін де, бүкіл қоғам үшін де басым міндет болуы тиіс. Осы мақсатта Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысының негізінде Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болды. Осынау атаулы мереке халық арасында кітап оқуды насихаттауға септігін тигізеді. Бұл – қоғамның, соның ішінде жастардың мәдени, рухани жетілуіне жасалған маңызды қадам. Қоғамды дамытудағы басты факторлардың бірі – оқырман ұлт қалыптастыру. Бұл міндет кітапқа деген қызығушылық пен оқу мәдениетін нығайту арқылы жүзеге асады. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту – Қазақстанның рухани, мәдени, ғылыми мүдделері мен білім беру салаларын нығайтудың негізгі бағыттарының бірі.Қазіргі таңда электронды форматтағы ақпарат көздері танымал болғанымен, қағаз нұсқадағы баспа кітаптардың орны ерекше. Олар оқырманға жағымды эмоция сыйлайды, жайлылық пен рухани тыныштыққа ие болуға мүмкіндік береді. Баспа кітаптар әсіресе аға буын мен әдебиет әуесқойлары арасында үлкен сұранысқа ие. Осы орайда мемлекет кітапхана саласын жаңғыртуға айрықша көңіл бөлуде.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь