Мектебімізде апта сайын Мемлекеттік Әнұранды орындау дәстүрге айналған. Бұл іс-шара әр дүйсенбі күні үлкен үзілісте ұйымдастырылады. Оқушылар сапқа тұрып, мұғалімдермен бірге еліміздің Мемлекеттік Әнұранды бір дауыспен орындайды. Мұндай дәстүрдің мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастыру, елжандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.